Семейдегі стела орнында қалады – Семей әкімдігі
Семей билігі стела орнында қалатынын, ал монументтің қабырғасы ғана бөлшектелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Әлеуметтік желілерде құрылысшылар “Семей қаласының 250 жылдығы” стеласынан мәрмәр плиткаларын бұзып жатқаны турлы фотосуреттер пайда болды. Желі қолданушылары ескерткіш бұзылады деп дабыл қақты, өйткені бұл жаңа көпірдің құрылысына кедергі келтіреді. Қалалық әкімдікте мрамор қабырғасы ғана бөлшектелгенін, кейін ол бұрынғы орнына қалпына келтірілетінін айтып, сендірді.
“Семей қаласының автожол көпірін қайта жаңарту” жобасын іске асыру барысында жобада “Семей қаласының 250 жылдығы” стеласы ауданында шаруашылық-тұрмыстық кәрізді шығару көзделген, кәріздің жату тереңдігі 6,0 метрден астам. Құрылыс-монтаж жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемориалдық қабырғаны бөлшектеу керек, ал стела бұзылмайды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қатысуымен стела аумағын тексеру актісі жасалды, мемориалдық қабырға материалдары ескерілді және тіркелді”, — деп түсіндірді әкімдікте.
Әкімдікте атап өткендей, мәрмәр плиталар “Зеленстрой Семей” ЖШС күшімен бөлшектеліп, осы ұйымның базасына уақытша сақтауға шығарылды. Жұмыстар аяқталғаннан кейін қабырға толық көлемде қалпына келтіріледі.
Semeynews.kz