Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП
Семейде көлік электр бағанасына соғылды
Семейде жеңіл көлік көшедегі электр бағанасына соғылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 25 тамызда сағат 13:30 шамасында Аймауытов көшесінде болған.
“49 жастағы Gelly көлік жүргізушісінің денсаулығы күрт нашарлап, көлікті басқара алмаған. Нәтижесінде көшені жарықтандыру бағанасының тірегіне соқтығысты”, – деп түсіндірді полиция.
ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автокөлік иесіне материалдық шығын келтірілген. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Semeynews.kz