Абай облысыҚоғамҚұрылысТОП

Абай облысында республикалық автотрассалар жөнделуде

Абай облысында “Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері” ұлттық жобасы аясында “Талдықорған-Қалбатау-Өскемен” және “Қалбатау-Майқапшағай” республикалық маңызы бар автомобиль жолдары қайта жаңғыртылуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Облыс әкімінің орынбасары Абай Нұрбол Нұрсағатов жұмыс сапары барысында Көкпекті ауданы мен Аягөз қаласына барып, жылу беру маусымына дайындығын, сондай-ақ Республикалық маңызы бар автожолдардың жөндеу барысын тексерді.

Облыс бойынша “Талдықорған-Қалбатау-Өскемен” автожолының ұзындығы 394 км құрайды, бұл учаскені жөндеу үшін 288 бірлік техника мен 420 жол жұмысшысы жұмылдырылған. “Қалбатау-Майқапшағай” автожолының ұзындығы 197 км құрайды, 279 бірлік техника мен жеке құрамнан 348 адам тартылған. “Қазавтожолдың” ақпараты бойынша, жөндеу жұмыстарын аяқтаудың болжамды мерзімі – 2023 жылғы желтоқсан.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button