Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқарма басшысы лауазымына Анзор Абаев тағайындалды
Анзор Абаев Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің жерге орналастыру және кадастр мамандығы бойынша тамамдап, еңбек жолын Астана қаласының басқару институты ректорының көмекшісінен бастады. 2010 жылы Астана қаласының жер қатынастары басқармасына жастар тәжірибесінен өту үшін қабылданып, осы күнге дейін аталған басқармада жұмыс істейді. Біріктірілгенге дейін Астана қаласының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары болған. Қызметті қоса ала жүріп, ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі атанып, заңгерлік мамандық алды. Мінсіз жұмысы үшін Анзор Мициевич көптеген алғыс хаттар мен марапаттарға ие болды.
Semeynews.kz