ҚазақстанТОПЭкономика

Қазақстандықтардың көлік салығы бойынша қарызы 30 млрд теңгеден асты

Қазақстандықтардың көлік салығы бойынша қарызы 30 млрд теңгеден асты. Бұл жайында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Жалпы республика бойынша 1 миллионнан астам адамның мемлекет алдында қарызы 30,7 млрд теңгені құрайды. Оның 26,8 млрд теңгесі қарыздың негізгі сомасы. Ал қалған 3,8 млрд теңге өсімпұл ретінде есептелген», – деді комитеттен. Ведомство мәліметінше, ең үлкен қарыз Алматы қаласына тиесілі. Оңтүстік мегаполис тұрғындары көлік салығы бойынша 6,1 млрд теңге қарыз. Одан кейінгі орында Алматы облысы тұр. Бұл аймақтағы автокөлік иелері 4,8 миллиард теңге көлемінде салық төлемеген. Нұр-Сұлтан қаласы қарыз мөлшері бойынша алғашқы үштікке кіреді. Елордадағы автокөлік жүргізушілерінің мемлекетке 3 млрд теңгеге жуық қарызы бар. Борышкерлер саны бойынша антирейтингті 165 мыңнан астам адам салық міндеттемелерін орындамаған Алматы облысы бастап отыр. Екінші орында – Алматы қаласы. Онда борышкерлер саны 107 мыңнан асады. ТОП-3-ке Түркістан облысы да кіреді – 104 мың адам. Осыған орай Мемлекеттік кірістер комитеті Салық кодексіне сәйкес салық төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін мерзімі өткен әр күн үшін өсімппұл есептелетінін еске салады.

Салық төлеу үшін мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ. «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын орнатып, салық бойынша қарыз көлемін біліп, онлайн төлеу жеткілікті. Сондай-ақ, қазақстандықтар екінші деңгейлі банктердің қосымшаларын пайдалана алады.

https://www.inform.kz/kz/kazakstandyktardyn-kolik-salygy-boyynsha-karyzy-30-mlrd-tengeden-asty_a3784111

Осы айдарда

Back to top button