Абай облысыҒылымҚоғамТОП

Курчатов ғалымдары құрғақ аймақтардағы фермерлерге көмек ретінде гидрогель ойлап тапты

Курчатов ядролық технологиялар паркінің ғалымдары құрғақ аймақтардағы фермерлерге көмектесу үшін арнайы гидрогель ойлап тапты. Ылғалды сіңіре отырып, гидрогель оның тез булануына жол бермейді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ядролық технологиялар паркі басқармасының төрағасы Александр Борисенконың айтуынша, ғалымдар гидрогельдің далалық сынақтарына кіріскен. Ұнтақ топыраққа тұқымдармен бірге енгізіледі және жаңбыр немесе су тасқыны кезінде барлық сіңірілген ылғалды байланыстырады, оның кетуіне немесе булануына жол бермейді. Бір қап ұнтақ толық автоцистерналы сумен пара пар.

Мұндай технологияны батыстық фермерлер бұрыннан қолданып келеді.

Ғалымдардың пікірінше, гидрогельді қолданған кезде суаруды 5 есе азайтуға болады. Сонымен қатар, бұл зат көшеттерге ешқандай жанама әсер етпейді.

Сондай – ақ, ядролық технологиялар паркінде электронды сәулелену көмегімен осында шығарылатын медициналық бұйымдарды стерильдеудің тиімділігі игерілді.

«Мысалы, біз қан алу үшін шприц – пробиркалар шығарамыз. Камера онлайн режимінде медициналық бұйымдардың электронды сәулемен өңделуін көрсетеді. Шоғырдағы қуаттылық – 50 кВт дейін. Бұл медициналық өнімдерді зауыттық қаптамада оны герметизациясыз өңдеуге мүмкіндік береді. Электронды сәуле мен тежегіш рентген сәулесі қораптан өтіп, патогендік организмдердің ДНҚ-ны бұзады, өнімді зарарсыздандырады», – деді Александр Борисенко.

Өңдеу қондырғысының өнімділігі – күніне 50 текше метр немесе миллион шприц.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button