Абай облысыҚоғамТОП

Семейдің эс-әкімі М.Айнабеков Абай облысының Қоғамдық кеңесінің құрамына кірді

Семейде облыстық мәслихат сессиясында облыстық Қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді. Бұл туралы облыстық мәслихаттың хатшысы Қуаныш Сүлейменов өзінің Facebook парақшасында хабарлады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Аймақ әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Абай облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы 2022 жылғы 19 шілде мен 01 тамыз аралығында Қоғамдық кеңеске кандидаттардан құжаттар қабылдады. Облыс бойынша кандидат ретінде 86 адам өтінім берген. Оның 77-сі азаматтық қоғамнан, 9-ы коммерциялық емес ұйымдардан.

86 адамнан әңгімелесуден 83 кандидат өтті, оның ішінде 1 кандидат өз өтінішін ерікті түрде кері қайтарып алды, 2 кандидат әңгімелесуге келген жоқ. Әңгімелесу нәтижелері және жұмыс тобының ашық дауыс беруі бойынша конкурсқа қатысушылардан азаматтық қоғамның 30 белсендісі іріктелді.

Іріктелген азаматтардан 15 бизнес өкілдері, 4 еңбек ардагерлері, 4 қоғамдық белсенділер, 1 мүмкіндігі шектеулі адам, 4 БАҚ өкілдері, 2 жастар өкілдері. Мемлекеттік органнан және квазимемлекеттік сектордан 3 адам, оның ішінде 2 білім беру саласы, 1 денсаулық сақтау саласы. Қоғамдық кеңеске ұсынылған азаматтардың 25-і ер адам (76 %), 8-і әйел адам (24 %). Қоғамдық кеңес мүшелерінің орташа жасы – 56 жас.

Айта кетейік, Кеңес құрамына 2007 жылдың 12 наурызынан 2011 жылға дейін қала басшысы болған Семей қаласының бұрынғы әкімі Мейрамхат Айнабеков те кірді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button