Абай облысыҚоғамМәдениетТОПТуризмЭкономика

Абай облысында бес инвестициялық жоба іске асырылады

Семейде жерлестердің бизнес-форумы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев кездесуде осылай деді. Сіздердің назарларыңызға оның негізгі тезистерін ұсынамыз.

“Болашақта біздің облыс металлургия, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің ірі өңіріне, аграрлық және туристік орталыққа айналатынына сенімдімін. Сонымен қатар, біз облысқа тән ерекше мәдени колоритті қолдап, көбейтетін боламыз. Біздің бұл бағыттағы тактикалық қадамдарымыз анықталды”, – деп атап өтті әкім.

“Бұл экономиканың металлургия, тамақ, қайта өңдеу өнеркәсібі мен аграрлық секторын дамыту. 2025 жылға дейін тау — кен өндіру секторында 5 инвестициялық жобаның құрылысы жоспарланған”, – деп түсіндірді Н.Уранхаев.

“Көлік-логистикалық инфрақұрылым мен туризм индустриясын дамыту. Абай облысы қолданыстағы сауда-көлік дәліздерін жетілдіру және жаңа сауда-көлік дәліздерін құру үшін қолайлы географиялық орынға ие. Болашақта “Семей қаласын айналып өту” автомобиль жолын салу жоспарлануда, бұл халықаралық және өңірлік транзиттік әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді”, — деп есептейді облыс басшысы.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button