Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде екі КамАЗ жол-көлік оқиғасына түсті

Семейде жол-көлік оқиғасына екі жүк көлігі түсті, – деп хабарлайды Semeynews.kz Abaynews.kz видео порталына сілтеме жасап.  

Полиция басқармасының хабарлауынша, жол апаты 2022 жылғы 1 тамызда сағат 15:30 шамасында 35 колония ауданында болған.

“40 жастағы КамАЗ жүргізушісі Батыс промузел көшесінен Би-Боранбай көшесіне қарай бағыт алып, басты жолмен келе жатқан екінші КамАЗ көлігіне жол бермеген. Соқтығысқаннан кейін негізгі жолмен келе жатқан үлкен жүк көлігі аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан аударылып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге түрлі дене жарақатымен жеткізілді”, – деп түсіндірді полицияда.

Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button