Абай облысыҚоғамТОП
Абай облысында жел электр станциясы іске қосылды
Абай облысында жел электр станциясы іске қосылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
“2022 жылдың шілде айында Абай облысының Аягөз ауданында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға дейін 2 400 МВт-тан кем емес жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) іске қосу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында қуаты 100 МВт “Абай — 1″ жел электр станциясы (ЖЭС) өндіріле бастады”, – деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Министрлік бұл жобаны іске асыру ЖЭК көздерін елдің жалпы энергия жүйесіне белсенді интеграциялаудың жалғасы болып табылатынын, бұл желіде шамамен 300 млн.кВт беруге мүмкіндік беретінін атап өтті.сондай-ақ, жоба аясында 15 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Semeynews.kz