Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейдегі Өскемен көшесіндегі жол жұмыстарының барысымен танысты
Бұл аймақта автомобиль кептелістері үнемі пайда болады. Көлік құралдарының өткізу қабілетін арттыру үшін Өскемен көшесі Шәйжүнісов көшесінен 6-Линия көшесіне дейін кеңейтілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
«Мұнда тұрақты кептелістер, жолды кеңейту қажет. Егер қандай да бір көмек қажет болса, хабарласыңыз, біз қолдау көрсетеміз. Жол қажет. Саяжайларда адамдар көп. Бұл өте маңызды мәселе», – деді облыс басшысы.
Күрделі жөндеу осы жылдың мамыр айында басталды. Жолдың ұзындығы 1,5 шақырым. Жоба сомасы 1 122,6 млн теңгені құрайды. Барлық жұмыстарды осы жылдың қараша айында аяқтау жоспарлануда.
Қазіргі уақытта Өскемен көшесінің жобалық еніне сәйкес жер төсемін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен, жөндеуге бәрі бірдей риза емес. Кейбір кәсіпкерлер жолдың жөнделуіне байланысты олардың бизнесі тоқтап қалды деп шағымданды.
«Бізді толығымен жауып тастады. Біз қалай жұмыс істейміз? Бұл бірнеше айға созылады. Екі айға жуық қалай жұмыссыз жүруіміз керек?»,- деді облыс әкіміне жергілікті кәсіпкерлер.
Нұрлан Уранхаев өз кезегінде қайта құруды аяқтау қажет екенін атап өтті. Облыс басшысы мердігер ұйымға жөндеу жұмыстарын тезірек аяқтау үшін жұмыс уақытын арттыруды тапсырды. Ол үшін күндізгі уақытты барынша пайдалану керек. Облыс әкімі облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысына мердігер ұйым өкілдерімен және кәсіпкерлермен кездесіп, жолды кезең-кезеңмен ашу мүмкіндігін талқылауды тапсырды.
Айта кетейік, жөндеу жұмыстары барысында Өскемен көшесіндегі электр бағаналары көшірілді, сондай-ақ Шығыс кентінің батпақты бөлігі арқылы Көшкінбаев көшесімен Аюченко көшесіне шығатын айналма жол салынды.
Semeynews.kz