Абай облысыҚоғамСемейТОП
Нұрлан Ұранхаев Үржардағы әуежайдың ұшу-қону жолағын және аэровокзал ғимаратын қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты
Жоба «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы басталған болатын. Бүгінгі күні орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалпы көлемі 95% – ды құрайды. 2100 м-ге дейін ұзартылған жасанды ұшу-қону жолағына асфальт-бетон жабындысын, 2 әуе кемесіне арналған жүру жолдары мен перронды орнату жұмыстары аяқталды.
Патрульдік жолды ретке келтіру, қойма, жанар-жағармай зертханалары, аэронавигациялық мұнара, орталық тарату пунктін салуға жер телімдерін дайындау жұмыстары аяқталды.
Әуежайды электрмен жабдықтау үшін кабельді орнату жұмыстары аяқталуда.
Semeynews.kz