Шығыс Қазақстанда жеңіл автокөлік локомотивпен соқтығысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 19 шілдеде сағат 18:32 шамасында Риддердегі “Синегорье” демалыс базасы ауданындағы теміржолдарда болған.
“Toyota автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбеді және локомотивпен соқтығысуға жол берді. Зардап шеккендер жоқ. Шығын анықталуда”,-деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Semeynews.kz