Абай облысыҚоғамТОПЭкономика

Алда үлкен жұмыстар күтіп тұр – Нұрлан Ұранхаев экономиканы дамыту жоспарлары туралы

Қазіргі уақытта жеке инвестициялар есебінен облыста өңдеу өнеркәсібінде жалпы сомасы 24,5 млрд теңгеге жеті жоба іске асырылуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев мәлімдеді.

Ол сондай-ақ, 2023-2024 жылдарға 632,9 млрд.теңгеге инвестициялар тартумен және 4000-нан астам жұмыс орнын құрумен 12 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланғанын хабарлады.

“Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ТҮКШ саласындағы ақпараттық жүйелерді біріктіруі қажет. Алда экономика саласындағы бәсекеге қабілеттілік пен инновациялық құрамдас бөлікті арттыру бойынша үлкен және елеулі жұмыс күтіп тұр. Жұмыс тиімділігінің кепілі барлық мемлекеттік органдардың, қаржы және қоғамдық құрылымдардың тұрақты жәрдемдесуі болып табылады. Сондықтан Президент тапсырмаларын іске асыруға әрбір құрылым белсенді қатысуы тиіс”, – деп атап өтті Нұрлан Уранхаев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button