Семей тұрғынынан синтетикалық есірткі тәркіленді
Семейде синтетикалық есірткі сақтаған 38 жастағы ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, маусым айының ортасында “Қарасора-2022” жедел алдын алу шарасы аясында экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен бірге 38 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
“Санкцияланған жеке тінту жүргізу барысында шортының сол қалтасынан пластикалық қорап табылып, тәркіленді, оның ішінде ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ зат болды. Сондай — ақ, ұсталған азаматтың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді, қылтимада ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар полиэтилен түйіншегі табылды”,-деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат психотроптық зат, жалпы салмағы-0,21 грамм. Жауап алу кезінде ер адам өз кінәсін мойындамады.
“Қаскүнемге қатысты іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы келу туралы міндеттеме түрінде таңдалды. Аталған факті бойынша 296-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚК 2 — сі (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау)” – деп толықтырды Семей қ.ПБ бастығы, полиция полковнигі Ернар Базаров.
Semeynews.kz