ҚылмысТОПШҚО

Алаяқ Шемонаиха тұрғынына үш миллион теңгеге жуық несие рәсімдеген

Ағымдағы жылдың маусым айының соңында Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 34 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, алаяқтың құрбаны болғанын хабарлады.
2022 жылдың наурыз айының басынан мамыр айының ортасына дейін бейтаныс жігіт жәбірленушінің телефонынан қосымша арқылы оған 2 900 000 теңгеден астам сомаға ақшалай несие ресімдегені белгілі болды.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Жауап алу кезінде ұсталған азамат кінәсін мойындады.
Қаскүнемге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button