ҚылмысТОП

Мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алмақ болған Өскемен қаласының тұрғыны 2,5 млн теңгесінен айырылды

Ағымдағы жылдың маусым айының соңында Өскемен қ. ПБ Үлбі ПБ «102» жедел арнасына облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны жүгініп, бір жыл ішінде бейтаныс жігіт мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алу үшін несие рәсімдеуге көмек көрсетемін деген сылтаумен оның 2 500 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алдап алғанын хабарлады.
Жедел іс-шаралар барысында криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасаған күдіктінің жеке басын анықтап, оны сәтті ұстады. Ол бұрын сотталған 25 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190 – бабының 1-бөлігі-алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button