Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде кеме қатынасы жанданады

Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев бұрынғы өзен портын аралап көрді. Өңір басшысы мұнда кеме қатынасын жандандыру қажеттігін атап өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Мені тек әкім етіп тағайындағанда, Ертістегі кеме қатынасын жандандыру ниеті туралы айттым. Кез-келген кеме үшін пирс қажет екендігі белгілі. Негізінде, бұл жеңіл. Бүгін біз бұрынғы өзен вокзалының жағдайын көруді ұйғардық», – деді Нұрлан Ұранхаев.

Облыс басшысы қалада кеме қатынасын жаңғырту үшін барлық қажетті, ең бастысы – инвесторлар бар екенін атап өтті.

«Бізде ұсыныстар бар, инвесторлар бар. Бұрын Өскемен мен Омбы арасында Семей арқылы біздің мақтанышымыз – «Ракеталар» жүретін. Кеме қатынасын қайта жандандырсақ жақсы болар еді. Иә, менің ойымша, қазірдің өзінде көпшілігін жолдармен жүру шаршатты. Өскеменнен Семейге дейін шлюздеуді есепке алғанда үш жарым сағат онша ұзақ емес. Көбісі мінеді деп ойлаймын. Жүк тасымалдарына келетін болсақ – бұл жеке тақырып, оны есептен алып тастамаймыз, бірақ оған басқа инвесторлар қажет болады», – деп түйіндеді Н.Уранхаев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button