Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП
Абай облысында өткен тәулікте екі адам суға батып кетті
Өткен тәулікте Семейде екі адам суға батып кетті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Семей қ. ТЖБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 шілдеде екі адам суға батып кетті. Бірінші оқиға Бобровка саяжай массивінде орын алды. Ол жерде 1991 жылы дүниеге келген ер адам отбасымен демалыста болып, суға шомылған. Екінші оқиға Шығыс кенті ауданында болды, Семипалатинка арнасында өз достарымен суға түсіп жүрген 2005 жылғы жасөспірім суға батып кетті.
Semeynews.kz