А.Оразғұлов Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы лауазымына тағайындалды
️Облыс әкімінің өкімімен Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы лауазымына Арман ОРАЗҒҰЛОВ конкурстық рәсімдер өткізілгенге дейін тағайындалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Арман Сарбайұлы 1986 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, «Тұран-Астана» университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын бітірген.
Кедендік декларант болып жұмыс істеп бастады.
2008-2013 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің түрлі бейінді бөлімшелерінің сарапшысы болды.
2013-2014 жылдары-ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті сыртқы сауда келіссөздері басқармасының бас сарапшысы.
2014-2017 жылдары-ҚР Ұлттық экономика министрлігі сыртқы сауда қызметін дамыту департаментінің басқарма басшысы.
2018-2020 жылдары-Солтүстік қазақстан облысы әкімдігінің индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы. 2019 жылы СҚО-да «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын әзірлеуге және құруға қатысты.
2020-2021 жылдары – Солтүстік қазақстан облысы бойынша «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры, Петропавл қаласы мәслихатының VII шақырылымының депутаты.
2021 жылдан 2022 жылға дейін «Astana» ӘКК АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.
Semeynews.kz