ШҚОҚоғамҚұқықбұзушылықТОП

ШҚО-да 5 шетелдік Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды

Шығыс Қазақстанда заңсыз қызмет істеп жүрген 5 шетелдік анықталып, Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 шілдеде Көші-қон қызметінің қызметкерлері уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін Өзбекстан Республикасының 5 азаматын анықтады, олар сот шешімімен Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіру 5 жыл мерзімге жабық.

“Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартуға материал Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына жолданды”, – делінген ведомство хабарламасында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button