Абай облысыҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейде жыл басынан бері 62 келіден астам түрлі есірткі тәркіленді

Семейде полиция қызметкерлері жыл басынан бері 62 келіден астам түрлі есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында полиция қызметкерлерімен 24 есірткі қылмысы анықталды және тіркелді, оның ішінде: есірткі құралдарын өткізудің 22 фактісі (ҚР ҚК 297-б.), аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын сақтаудың 1 фактісі( ҚР ҚК 296-б. 4-б.), ҚР ҚК 299-1 бойынша 1 факт (есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау). Заңсыз айналымнан 62 келіден астам есірткі заттары, оның ішінде 60 келіден астам “кептірілген марихуана” және 1,5 келіден астам “Альфа-PVP”психотроптық заттары алынды. Сондай-ақ, Семей қ.ПБ ҚР ҚК 296-бабы 1,2,3-бөлігі бойынша 38 есірткі қылмысы құжатталды.

Жасырын қылмыстарды анықтаумен қатар, Семей қаласы полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері қала тұрғындары арасында нашақорлықтың алдын алумен айналысады. Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қаланың оқу мекемелерінде 25-тен астам дәріс өткізіліп, есірткіні қолдану салдарының көрнекі мысалдары бар бейнематериалдар көрсетілді. Жастардың бойында есірткіге қарсы рухты тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық іс-шаралар: марафондар, әртүрлі спорт түрлері бойынша турнирлер, суреттер конкурстары және т. б. өткізіледі.

Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың, қаланың жастар-ресурстық орталығының қатысуымен есірткі жарнамасын бояу бойынша рейдтер жүргізілуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button