Көлігін жөндетпек болған өскемендік алаяққа аданып қалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, маусым айының соңында Өскемен қалалық ПБ Үлбі ПБ-нің “102” жедел арнасына алаяқтың құрбаны болған Глубокое ауданының 62 жастағы тұрғыны жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, сәуір айында облыс орталығындағы техникалық қызмет көрсету стансаларының бірінде бейтаныс ер адам оның ВАЗ автокөлігін жөндеймін деген сылтаумен 700 мың теңгеден астам қаражаттын иемденіп алған.
“Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен қаланың 49 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Жауап алу кезінде ұсталған азамат кінәсін мойындады. Қаскөйге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген баспасөз хабарламасында.
Semeynews.kz