Өскеменде заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
“Нелегал-2022” жедел алдын алу шарасы аясында көші-қон қызметкерлері базарларды, құрылыс нысандарын, сауда үйлері мен қызмет көрсету салаларын тексеруде. Кезекті тексеру барысында Өскеменде шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактісі анықталды.
“Тәжікстан Республикасының 12 азаматы әкімшілік ғимаратты жөндеу бойынша рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін жүзеге асырды. Өскемен қаласының сотымен шетелдік азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша 25 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша 30 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік материал жасалды”, – делінген баспасөз хабарламасында.
ШҚО ПД көші-қон қызметі еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдік азаматтарға тиісті рұқсат ресімделуі қажет екенін еске салады.
Semeynews.kz