Ішкі істер министрлігі Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарында автомобильдерге қандай код берілетінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда көлік құралын тіркеу кезінде өңірді сәйкестендіру үшін тиісті цифрлық белгі қолданылады (қазір – 1-ден 17-ге дейін).
“Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріндегі өңірлердің цифрлық белгісі өңірдің атауына байланысты қазақ әліпбиіндегі тәртіппен беріледі. Осыған байланысты жаңадан бөлінген үш облысқа: Абай облысы – 18, Жетісу облысы – 19 және Ұлытау облысы – 20 кодын беру ұсынылды”, – деді ІІМ өкілдері.
Жаңа облыс тұрғындарына бұрынғы нөмірлерін ауыстыру қажет емес екені де айтылды.
Semeynews.kz