Танысына сенген семейлік әйел қомақты ақшасынан айырылды
Семейлік алаяқ 59 жастағы әйелді қомақты қаражатқа сан қақтырды, деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 21 мамырында Семей қ. ПБ Орталық ПБ «102» жедел арнасына 59 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, 2018 жылдың шілдесінде оның танысы қала банктерінің бірінде 680 000 теңгеге жуық қаражатын алдап алғанын хабарлады. Жәбірленушінің айтуынша, қаскөй өз несиесін жабу үшін ақшаны сұрап алған.
“Құқық қорғау органдарының жедел әрекеттерінің нәтижесінде жауап алу кезінде мойындалған 42 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.
Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 190-бабы 1-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген ведомство хабарламасында.
Semeynews.kz