Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде саз құбыры жарылды

2022 жылдың 9 маусымында Семей қаласында «Семей цемент зауыты» ӨК» ЖШС жанында Жаңа-Семей карьерінен саз өткізілетін құбыр желісі жарылып, салдарынан саз шламы Семей қаласының 35-ші колониясы ауданында жер бетіне шығып, ауқымды алаңға жайылған, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кәсіпорынның техникалық қызметі қазіргі уақытта саз шламын беруді тоқтатқан және оқиға салдарын жою іс-шараларын жүргізуде.

Семей қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық бақылау инспекторлары оқиға орнына барып, апаттың салдарын жою жөніндегі бірінші кезектегі іс-шараларды анықтауға қатысты.

Төгілген саз шламы – бұл Жаңа Семей карьерінен сорғыштар арқылы қысыммен сорылатын 20% саз бен 80% судың қоспасы екенін ақпарат ретінде хабарлаймыз. Бұл саз цемент өндірісінде қолданылады.

Қазіргі уақытта экология департаменті Семей қаласы тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша цемент зауытында жоспардан тыс экологиялық тексеру жүргізуде, экологиялық талаптар мен нормативтерді бұзудың барлық фактілері бойынша ден қою шаралары қабылданатын болады.
Жұмыс нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button