Абай облысыСемейТОП

Абай облысында 7 мың жұмыс орны ашылады

2025 жылға дейін Абай облысында 7 мың жұмыс орны ашылмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы алғанда, Кәсіпкерлікті қолдау картасының үшінші бесжылдығы (2020-2025 жж.) аясында Абай облысына 1,1 триллион теңге инвестициямен 25 жобаны жүзеге асыру және 7 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

2021 жылы Абай облысының ЖІӨ 1,9 трлн. теңге, облыстың жалпы көлеміндегі үлесі – 36%, жан басына шаққандағы ЖІӨ – 2,9 млн теңгені құрамақ.

Еске салсақ, бұған дейін 7 жыл ішінде Абай облысының қалалары мен аудандарына 2,1 триллион теңге инвестицияланғаны айтылған еді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button