Семейде жаздың аптап ыстығы әдеттегіден ерте басталды. Мамыр айында болған екі апталық аптап ыстықта қала тұрғындары барарға жер таппады. Сол уақытта көпшілік Ертіс жағасына демалуға ағыла бастады, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қалалық жағажай көптен бері семейліктер үшін құр бос әңгімеге айналды. Осы сұрақ жыл сайын жаз маусымы басталғанда көтеріледі, барлығының ашуын алады және ол туралы айта беру әдепсіз болып көрінеді. Дегенмен, бұл сұрақ қазіргі уақытта проблемалық мәселе болып қалуда және қала үшін өте қажетті мәселе. Өйткені бұл ең алдымен адамдардың қауіпсіздігіне, сондай-ақ демалушылардың негізгі жайлылығына қатысты.
Қазіргі уақытта Семейде суға түсуге арналған үш ашық су айдыны бар және олар салыстырмалы түрде қауіпсіз. Олар, Озерки ауылдық округіндегі Колхозное көлі, Мұрат кенті ауданындағы шұңқырлар (котлован) «MakSal» демалыс базасы және қаладағы жалғыз аквапарк.
Жыл сайын ТЖ басқармасының қызметкерлері қалалық жағажайды жабдықтауға қаражат бөлуді сұрап бума-бума хаттар жазады. Жыл сайын БАҚ өкілдері тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі өкілдерінен қашан семейліктер арнайы жабдықталған жағажай орындарында суға түсе алады деген сұрақтар қояды. Жыл сайын, он жыл бойы бюджеттен миллиондаған қаражат бөлінеді, алайда қалада жағажай пайда болмады.
2017 жылы ТКШ бөлімінің тырысуымен Бейбітшілік аралында қалалық жағажай жабдықталды. Оны жабдықтауға бюджеттен бір миллион үш жүз мың теңге бөлінді. Сол уақытта аралға бірнеше ондаған самосвал құм әкелінді және күннен қорғайтын саңырауқұлақтар орнатылды. Ешқандай жайлылық болмады, санитарлық талаптар сақталмады. Ең бастысы – бұл жағажайға ешкім жете алмады, себебі аралға автобус қатынасы болмады. Қала мен арал арасында тек бір ғана, № 43 автобус жүріп тұрды және ол кестеге сәйкес бір сағатта бір рет қана жүрді.
Ал 2018 жылы көктемгі су тасқыны аталған жағажайды жуып кетті. Наурыз айының соңында Семей су тасқынының құрбаны болды, аралды бірінші болып су басты, қалалық жағажай саңырауқұлақтарымен бірге өзенге ағып кетті. Жағажайды ешкім қайта қалпына келтірмеді. Ал тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің және ТЖ басқармасының мамандары қалалықтар демалатын басқа орынды табуды ұйрады.
ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандары ТЖ басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып демалушылардың суға түсулері үшін басқа ыңғайлы орынды таңдады.
«Жағажай бұрынғы понтон көпірі ауданында орналасады. Ол жерде құтқарушылар стансасы, киім ауыстыратын орын және биодәретханасы бар санитарлық аймақ орнатылады, сондай-ақ 100 көлікке арналған тұрақ болады», – деп мәлімдеген болатын 2018 жылы Семей қ. ТЖБ ТЖ ескерту бөлімінің бас маманы марат Дәулетин.
Ал 2019 жылы қалалық жағажайды жабдықтауға бюджеттен екі миллион бес жүз мың теңге бөлінді. Алайда конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер болмады, сондан кейін қалалық әкімдік жағажайды жабдықтауға бес миллион бөлді.
«Орын белгіленді. Бұл Сорокин көшесіндегі ескі понтон көпірі ауданы. Ол жерде тек күннен қорғайтын саңырауқұлақтар ғана болмайды, ол жерге құм төгіледі және жағажайға қажетті барлық барлық инфрақұрылым болады. Сәйкесінше құтқарушылар болады. Су бетінде одан ары жүзуге болмайтындығын білдіретін белгілер болады. Сонымен қатар жағажай маңында автотұрақ болады. Осылардың барлығы жобада бар», – деді сол уақытта БАҚ өкілдеріне баспасөз-конференциясы барысында ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Амантай Утельбаев.
Сонымен қатар қалада жеке меншік жағажай ашу жоспарланған. Демалыс орнын жыл бойы жұмыс істейтін етіп жасау жоспарланды: жазда – жағажай, қыста – сырғанағы бар мұз айдыны.
Жоспар «қағаз жүзінде тегіс болды, бірақ ой-шұңқырларын бәрі ұмытып кетті».
Қанша айтқанмен қаламызда қалалық жағажай пайда болды, бірақ бюджет қаражатына емес, энтузиастардың күшімен Мелькомбинат ауданында жағажай жабдықталды. Оған «заря» деген атау берді.
Семей қаласының сол жағалау бөлігінің сүйікті демалыс орнына айналды, бұл жерде балалар ойнап, балықшылар балық аулады. Биылғы жылы Семейдің басқарушы органдары осы жағажайды жабдықтауға шешім қабылдады және конкурс жариялады.
«Қалқымалар мен қауіпсіздік белгілерін орнату үшін 46 миллион теңге бөлінді, тек конкурс жариялау ғана қалды», – деді ТКШ және тұрғын үй инспекциясының басшысы Амантай Утельбаев.
Ал конкурсты жариялау қай уақытта өтетіні, жеті қабат жер астына тастаған сияқты, белгісіз. Жауапты органның өздері білмейді.
Қалалық атқарушы, жауапты органдар тендер өткізу мерзімін анықтап жатқанда қала тұрғыны Ержан Амарханов қалалық жағажайды жабдықтауға кірісті. Грек-рим күресінен жаттықтырушы 2018 жылдан бастап елімізге танымал. Ол Семей қаласынан Новосібір қаласына бағыт алып, жолда өртеніп жатқан автобустан 48 адамды құтқарып қалған. Ал 2019 жылы ол «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасын жеңіп алды.
«Суға батып кеткен балалар туралы естіген өте ауыр. Мен жағажайды жабдықтап, кейіннен оны туған қалама сыйға тартқым келеді», – деді Ержан Амарханов.
Жағажай – өте қымбатқа түсетін жоба. Оны жалғыз өзің іске асыра алмайсың. Ержан ҚР Премьер-министріне және Төтенше жағдайлар министріне хат жолдады. Жағажайды жабдықтау үшін қаражат болу үшін ол өзінің жеке меншік көлігін сатты.
«Балалардың қауіпсіз екенін білгенде, жоба осыған тұрарлық. Бұл жағажай Түркиядан кем болмайды», – деп уәде берді Ержан Амарханов.
Оның Ержан Амархановтың жағажайды аббаттандыруына ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көмектесуде. Жағажайдың ашылуы шілде айының басына жоспарланған.
Семейлік төтенше жағдайлар қызметкерлері полицейлермен бірге су айдындарында профилактикалық рейдтер жүргізуде. Рұқсат етілмейтін су айдындары мұқият бақылауда.
«Біз үнемі тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. Алайда, көпшілігі қауіпсіздік шараларына құлақ аспай, су айдандарында ішімдіктер ішіп, қойылған белгілерге қарамастан су ағысы, иірімі қатты жерлерде отбасымен суға түсуде», – дейді Семей қ. ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы Қымбат Көпбаев.
Қ.Көпбаевтың берген ақпараты бойынша, өткен жылы Семейде 11 адам суға батып кеткен, олардың үшеуі бала. Міне, суға түсу маусымы ашылмай жатып, қайғылы оқиғалар тіркелуде. 31 мамырда жазатайым оқиға болды. Құтқарушылар төрт күн бойы өзен жағалауында жоғалып кеткен адамды іздестірді. Оның денесі 4 маусымда табылда.
Қалай болмасада, жаздың ыстығы, ауадағы қапырық адамдарды суға тартады. Адамдар құтқарушылар тарапынан жасалған жүздеген түсіндірме жұмыстарына қарамастан, аптап ыстықта жабдықталған, мейлі жабдықталмаған орындарға асығуда.
Сол уақытта Түркиядағы сияқты жағажайды армандамай-ақ қояық, қарапайым қауіпсіз, жабдықталған, барлық санитарлық ережелері сақталған жағажайды, лайықты орынды есіңе аласың…
Semeynews.kz