ҚоғамСемейТОП

Әсемхан Досқұжанов Абай облыстық мәслихатының хатшысы лауазымына тағайындалды – ақпарат шындыққа жанаспайды

Абай облыстық мәслихатының хатшысы Әсемхан Досқұжанов болады деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Semeynews.kz Abai Aqparat.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Абай облыстық мәслихатының хатшысы тағайындағаны туралы ақпараттар таралуда.

Abai Aqparat,kz телефон арқылы Әсемхан Досқұжановпен байланысты. Депутат өзін Абай облыстық мәслихатының хатшысы лауазымына тағайындау туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Қазіргі уақытта мен өз жұмыс орнымдамын, ал мәслихат хатшысын мәслихат сессиясында депутаттық корпус тағайындайды. Ақпарат шындыққа жанаспайды», – деді Әсемхан Досқұжанов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button