ҚоғамНАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАРСемейТОП

ШҚО-да семейлік жауынгердің жақын туыстары іздестірілуде

Ресейде қазба жұмыстарын жүргізу барысында Семейден майданға аттанған жауынгердің сүйегі табылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мәліметтерге сәйкес, Петр Дедов 1923 жылы Семей қаласында дүниеге келген. 171-атқыштар дивизиясы құрамында шайқасқан. 1943 жылы 25 ақпанда дивизияның Старорусский ауданы Михайловка ауылына шабуылы кезінде қаза тапқан.

Петр Дедов Ленинград облысы Старорусский ауданы Брагино ауылында, дивизиялық зиратта жерленген.

«Біздің мекенжайға Павлодардағы «Майдан жолы» іздестіру зерттеу жасағына ресейлік іздеушілер хабарласты. Биылғы жылы көктемгі Естелік Вахтасы кезінде Петр Дедовтың сүйектері және оның медалі табылды. Онда әйелі туралы мәліметтер көрсетілген: Ткаченко Анна Степановна. Біз марқұмның туыстарын іздеуге көмектескіміз келеді», – деп хабарлады «Майдан жолы» жасағының командирі Александр Шитов.

Келесі телефондар арқылы байланысуға болады: 8-777-461-73-78.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button