
Жүргізуші куәлігін сатып алмақ болған шетелдік азамат алаяққа жем болды, деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 16 мамырында Семей қ. Полиция басқармасы Орталық ПБ «102» жедел арнасына Семейде тұрып жатқан Тәжікстан Республикасының 34 жастағы азаматы жүгінді. Жәбірленуші өзінің танысы жүргізуші куәлігін алуға көмек көрсетемін деп 200 000 теңгеден астам қаражатты иемденгенін хабарлады.
“Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде алаяқтық жасады деген 57 жастағы ер адам анықталып, ұсталды, одан жауап алу барысында кінәсін мойындаған. Қаскөй қаражатты жұмсап үлгергенін айтқан.
Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 190-бабы 1-бөлігі –«Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген баспасөз хабарламасында.
Semeynews.kz