Өскемен қ. ТЖБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс орталығында Гагарин Бульвары көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінің кірпіштен тұрғызылған қабырғасы құлады.
Зардап шеккендер жоқ, тек кіреберіске жақын маңда тұрған көлікке материалдық шығын келтірілді.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмыс жүргізуде.
Semeynews.kz