Абайская областьСемейСпортТОП

Алдағы уақытта Семейде “Елімай” футбол командасы қайта жанданбақ

Бұл туралы достар футбол фестиваліне орай ұйымдастырылған баспасөз конференциясында баяндалды.

– Жақын арада “Елімай” қоғамдық қоры құрылады. Қоғамдық қор-бұл қаржылық мәселелер жұртшылықтың бақылауында болатынын білдіреді. Барлық сұрақтар пысықталып, құжаттар тапсырылды. Бұл аты аңызға айналған “Елімай” командасының футбол алаңына қайта оралуын білдіреді. Осындай үдерісті ұйымдастыру-Еуропаның үздік топ-клубтарының озық халықаралық тәжірибесі негізінде Қазақстанда алғашқы қарлығаш болмақ. Сондай-ақ, Абай облысының футбол федерациясы құрылады. Қалай болғанда да, бәріміздің алдымызда көп жұмыс күтіп тұр. Біз бұл үдеріске өз үлесімізді қосқымыз келеді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: “Бұқаралық және балалар спортымен айналысу үшін барлық жағдайды жасау қажет” деп, ағымдағы жыл балалар жылы деп жариялады.
Жасыратыны жоқ, қазіргі уақытта отандық футбол даму үшін жаңа серпін қажет. Біз қазақстандық футболға, атап айтқанда, Семей футболына жаңа серпін береміз, – деді спорт менеджері Асқар Уранхаев.

Қазақстанның екі дүркін чемпионы, Қазақстан чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Қазақстан Суперкубогының екі дүркін иегері Андрей Карпович Абай облысының құрылуымен бірге өзінің футбол командасы да пайда болуы керектігін атап өтті.

– Мен Семей футболының тәрбиеленушімін, қай жерде болсам да, қай жерде жұмыс істесем де, өз елімді, тәлім алған жерімді ұмытпаймын. Абай облысы құрылғаннан кейін, біз футболдың отаны Семейде аты аңызға айналған “Елімай” футбол командасының жұмысын жаңғыртуға міндеттіміз. Біздің футбол фестивалі – Семейдегі футболды жандандыру бойынша үлкен науқанның бастауы болмақ, – дейді Андрей Карпович.

Фестивальден басқа, 6 маусымда Семейде “Super bol” реалити-шоуы басталады. Оған футболда өзін сынап көргісі келетіндердің барлығы қатыса алады. Кастинг Қазақстанның сегіз қаласында өтеді. Ол Қазақстандық футболдың отаны Семейде басталады. Кастингке жынысына қарамастан, 16-25 жас аралығындағы барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Реалити түсіріліміне бүкіл Қазақстан мен Ресейдің скауттары қатысады. Қатысушылар футбол ойнап, өз шеберліктерін көрсетеді. Нәтижесінде Алматыға аттанатын 50 үздік ойыншы болады. Олардың 25-і Талғардағы Қазақстан ұлттық құрамасының базасына іріктеліп, онда екі ай ішінде дайындықтан өтіп, ойындарға қатысатын болады. Жобаның қорытындысы Алматыдағы орталық стадионда өтетін үлкен матч болады. Кастингке және одан әрі төлемдерге қатысу тегін болады.

– Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, 6 маусымда Семей қаласында басталатын “Super bol” реалити-шоуын атап өткім келеді. Шоуға футбол алаңында өз күшін сынап көргісі келетін және нағыз футбол командасының ойыншысы болуды армандайтын әрбір адам қатыса алады, – деп хабарлады футболшы, Қазақстанның екі дүркін чемпионы, Қазақстан чемпионатының төрт дүркін қола жүлдегері, Қазақстан Кубогының екі дүркін иегері, Қазақстанның 2002 жылғы үздік футболшысы Евгений Ловчев.

Айта кетейік, 4 маусым күні “Спартак” стадионында Абай облысының құрылуына арналған Андрей Карповичтің достарының үлкен футбол фестиваль – матчы өтеді. Фестиваль аясында Балаларға арналған шеберлік сыныптары, қайырымдылық гала-кеші және Андрей Карповичтің достарының жұлдызды матчы-“Елимай” командасы “Достар”командасына қарсы ойнайды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button