Әкімшілік құқықбұзушылықҚоғамСемейТОП

Семейде қаланың орталық бөлігінде сиырлар жайылуда (ВИДЕО)

Семейде қала орталығында жайылып жүрген табын сиырдың иесіне айыппұл салынды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Әлеуметтік желілерде қаланың орталық бөлігінде, Бауыржан Момышұлы көшесінде иесіз еркін жайылып жүрген сиырлар туралы видео пайда болды.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 маусымда иесіз жайылып жүрген сиырлардың 51 жастағы иесіне қатысты ҚР ӘҚК 408-бабының 1-бөлігі бойынша  (жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталған әкімшілік құқықбұзушылық бойынша ескерту немесе 3 АЕК көлемінде айыппұқл көзделген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button