ШҚОҚоғамОқиғаТОП

ШҚО-да жол-көлік оқиғасы салдарынан бір көлік аударылып қалды

ШҚО-да облыс орталығында екі көлік соқтығысып, бір көлік аударылып қалды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 мамырда сағат 10:20 шамасында 35 жастағы жүргізуші тізгіндеген LADA көлігі Жібек Жолы – Сәтпаев даңғылы қиылысында солға бұрылуда бағдаршамның рұқсат етілген жарығымен қарсы бағытта өтіп бара жатқан MITSUBISHI көлігіне жол бермеген.

Нәтижесінде екі көлік соқтығысып, MITSUBISHI көлігі жол жиегіне аударылып қалды.

Аталған факті бойынша LADA көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚК 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button