ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың сәуір айының соңында Риддер қ. ПБ-ға 34 жастағы жергілікті тұрғын арызбен жүгініп, ұрлық фактісі болғанын хабарлаған. Ер адамның айтуынша, түскі уақытта белгісіз адам қаладағы кафелердің бірінде орналасқан ойын автоматтарының терминалын бұзып ашып, терминалда жатқан 330 000 теңгені алып кеткен.
“Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 41 жастағы қала тұрғынын ұстады. Қаскөйден жауап алу барысында ол өз кінәсін мойындап, терминалды кілттерді таңдап алу жолымен ашқанын айтқан.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 188-бабы 3-бөлігі – «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде”, – делінген баспасөз хабарламасында.
Еске салып өтейік, осы баптың санкциясы 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Semeynews.kz