Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам бір жағадан екінші жағаға жүзіп өтпек болған. Ол күшін дұрыс есептемеген, оны су ағысы алып кеткен.
«Су өте суық және ол шаршаған, содан кейін ағыспен ағып бара жатқан бөренеден ұстанып, ағыс бойымен аға берген. Полиция қызметкерлері оған дейін жүзіп барып, оны жағаға алып шықты. Дәрігерлер ер адамды қарады және гипотермия диагнозын қойды», – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
Еске салайық, 28 мамырда Ертіс өзенінде бөренеге жабысып ағып бара жатқан ер адамды семейлік полицейлер құтқарып қалған.
Semeynews.kz