ҚоғамСемейТОП

Семейде “Айыппұл төле!” акциясы басталды

Семей қаласының аумағында 2022 жылдың 24-27 мамыр аралығында "Айыппұл төле!» акциясы өтеді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған акцияның мақсаты – әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу қажеттілігі туралы халықты хабардар ету болып табылады. Іс-шараны әкімшілік полиция қызметкерлері, жергілікті полиция қызметтерімен бірге аумақтық жеке сот орындаушылары, прокуратура және БАҚ өкілдері бірлесе отырып өткізеді.

Семей қаласының әкімшілік полиция бөлімшесі хабарлайды:

Өз айыппұлдарыңызды «еgov.kz» электрондық үкімет порталының көмегімен онлайн режимінде тексеруге және төлеуге, екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу бөлімшелерінде, сондай-ақ интернет сайттар арқылы және мобильді қосымшаларда онлайн төлем жасауға болады.

Заңда белгіленген мерзімде айыппұл төленбеген жағдайда, тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігі бойынша 5 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.Барлық сұрақтар бойынша Семей қ. ПБ ӘПБ әкімшілік тәжірибе бөлімшесіне хабарласуларыңызға болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button