
Оның баяндауынша, Айдана Серікова 1996 жылы Риддер қаласында орын алған Надежданың күйеуінің өлімі жөніндегі туралы қылмыстық істі тергеген. Айдана Серікқызы, қылмыс жасаған адамдарды анықтап, түпкілікті процессуалдық шешім қабылдаған.
Белгілі болғандай, іс материалдарынан аға тергеуші марқұмның қызы мен әйеліне жазған, бірақ оны сол кезде Ресей Федерациясында болған туыстарына жіберіп үлгермеген хаттарын тапты.
Айдана Серікова марқұмның жақындарын тауып, оларға 26 жыл бұрын алуға тиіс хаттарды жіберген.
Нәтижесінде бейнеконференцияны ұйымдастырған тергеуші Серікова істің мән-жайын, сондай-ақ оның әкесі мен жұбайын өлтірген адамды анықтау жұмыстары туралы айтып, ширек ғасырдан астам уақыт бұрын жібере алмаған соңғы хатын көрсетті.
Осылайша, әкесі мен күйеуінің хаты жақындарына 26 жылдан кейін жол тартты.
Айдана Серікова, бұл хатта бір кісінің өмір тарихы, қызы мен жарына деген махаббаты мен оларға жеткізе алмаған сағыныш сезімі жазылғандықтан, хатты иесіне табыстау парыз деп санады.
Semeynews.kz