ШҚОҚылмысТОП

29 бас жылқы ұрлаған семейлік ұсталды

Шығыс Қазақстанда полициядан жасырынбақ болған қылмыскердің әрекеті сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды Semeynews.kz

16 мамыр күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Семей қ.ПБ КПБ-мен бірлесіп, мал ұрлығы үшін екі жыл бойы жауапкершіліктен жалтарған 58 жастағы Семей тұрғынын ұстады.
– «Ұры 2019 жылдың қараша айында Семей қаласының маңынан 42 жастағы шаруа қожалығының иесіне тиесілі 29 бас жылқыны ұрлап, жәбірленушіге 8 100 000 теңге көлемінде шығын келтіргені анықталды», – дейді Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қайрат Әбдіғалиев.

Тәртіп сақшылары қабылдаған тиісті шаралардың нәтижесінде қылмыскер ұсталып, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button