
Турнирге біздің аймақтың өнер саласындағы үздіктері қатысты.
Жарыс екі салмақ дәрежесінде өтті. 75 келіге дейінгі салмақта асаба, шоумен – Ернат Қанатбек жеңімпаз атанса, ал 75 келіден жоғары салмақта, әнші екі дүркін “Өнер Барысы” чемпионы – Мират Қапезов болды. Мират Қапезов дзюдо және қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберіне үміткер.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында” Өнер Барысы ” екінші рет өткізіліп отыр. Бұған дейін турнир 2019 жылы өткен болатын.
Semeynews.kz