ҚоғамҚылмысСемейТОП

Жас жігіт семейлік әйелдің iPhone телефонын ұрлап кетті

Семейлік әйел iPhone-сыз қалды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Орталық полиция бөліміне 39 жастағы семейлік әйел жүгініп, оның iPhone маркалы телефонын ұрлап кеткенін хабарлаған.

Жәбірленушінің айтуынша, оған еуропалық келбеттегі, 20-25 жастағы бейтаныс жігіт жақындап, телефонының қуаты отырып қалғанын және оған шұғыл хабарласу қажет екенін айтқан. Оның сөзіне сенген жәбірленуші өзінің iPhone-8 маркалы телефонын берген, қолына телефонды алған қаскөй қаша жөнелген. Шығын 300 000 теңгені құрады.

«Жедел іс-шараларын жүргізу барысында, криминалдық полиция қызметкрелерімен ізін суытпай 21 жастағы азамат ұсталды. Өз кінәсін мойындады. Ұрланған телефон қайтарылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді басқарма бастығы Ернар Базаров.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button