Жұмысты толықтай мамыр айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Жаңа жолдың жасалуына Талица ауылы тұрғындарының қуанышы шексіз. Себебі, бұрындары ауыл тұрғындарының қалаға жетулеріне екі сағат қажет болған, енді 30-40 минутта жетуге болады.
«Қала әкімінің арқасында, 30 жыл көлемінде жөндеу көрмеген жолымызға да ақыры көңіл бөлінді. Бұрындары қалаға жету үшін 1,5-2 сағат қажет болды, себебі жолдың жағдайы өте нашар болған. Енді қаламен қатынасымыз жақсарады деп ойлаймын. Біздің ауылда қалада жұмыс істейтін және қалада оқитын тұрғындардың саны көп, сонымен қатар біздің ауылға демалуға қала тұрғындары жиі келеді, қараңыздаршы қандай керемет табиғат», – деді Талица ауылының тұрғыны Сәуле Минешева.
Тұрғындар жөндеуден кейін ауылдың нағыз туристік нысанға айналатынына сенімді, бұл жерде қазірдің өзінде екі демалыс базасы жұмыс істеп тұр, сонымен қатар жаз маусымында бұл жер нағыз демалыс орнына айналады.
Semeynews.kz