Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 14 сәуірінде сағат 16:30 шамасында Орталық полиция бөліміне Семей қаласының 37 жастағы тұрғыны жүгініп, өзі жұмыс істейтін қаладағы компаниялардың бірінің бұрынғы менеджері алдау жолымен оның 1 521 456 теңгесін иемденіп кеткенін жеткізген. Жәбірленушінің айтуынша, қаскөй оған мыс кабельді жеткізіп беруге уәде берген, нәтижесінде ақшаны қалтасына басып қашып кеткен.
«Жедел іздестіру-шаралары шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бұрын сотталмаған 30 жастағы қала тұрғыны жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген ведомство хабарламасында.
Semeynews.kz