ҚоғамСемейТОП

Семейлік полицейлердің сандық көмекшілері

Семейде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласына заманауи технологиялар енгізіліп, бейнебақылау жүйелері кеңейтілуде, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қалалық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ернар Базаровтың айтуынша, қала бойынша полицияның кешенді күштерін басқаруды, көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы құқық тәртібінің жай-күйіне мониторингті, сондай-ақ жасалған құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюды қамтамасыз ететін Жедел басқару орталығы жұмыс істейді.

“Ағымдағы жылдың төрт айы ішінде ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен 11 қылмыс анықталды, қылмысқа қатысы бар деген күдікті 5 адам ұсталды. Сондай-ақ, 3454 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, оның 2910-ы автокөлік жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері болып табылады.
Қазіргі уақытта Жедел басқару орталығының 45 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Оған «102» қосымшасы арқылы барлық жедел ақпарат келіп түседі. Мұнан бөлек адамдар көп жиналатын жерлерде «SOS батырмасы» жедел шақыру құрылғыларын орнату жұмыстары қолға алынуда”, – деді Ернар Базаров.

Бүгінгі таңда қала бойынша «SOS батырмасы» адамдар көп жиналады деген 5 жерге қондырмалар орналастырылды.

“Біз өз тарапымыздан жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бейнебақылау камералары желісін кеңейту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізудеміз. Қазір уақытта Жедел басқару орталығы жүйесіне «Сергек» жүйесін енгізу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, қаладағы 68 білім беру ұйымдарындағы лаңкестік әрекеттерге жол бермеу, алдын алу, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында орнатылған 2761 бейнебақылау камерасын жедел басқару орталығына қосу жұмыстары қолға алынған”, – деді полиция басқармасының бастығы.

Сонымен қатар қаладағы орта мектептерде де қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолға қойылуда. Бейнебақылау жүйелерін кеңейту мен орталықтандырудың негізгі міндеті – құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу.

“2022 жылдың 5 мамырындағы жағдай бойынша 37 мектепте орнатылған 1179 бейнекамера Семей қ.ПБ жедел басқару орталығы мен полиция бөлімдерінің пульттеріне қосылды. Қалған 15 мектептегі 407 камераны Семей қ. ПБ ЖБО-ға қосу туралы шарттар жасалуда”, – деп түйіндеді Ернар Базаров.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button