ҚР Ұлттық ядролық орталығының 30 жылдағы жұмысы. Жетістіктері мен жоспарлары
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы қазіргі таңда 30 жылдығын атап өтуде, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Дамудың табысты жолынан өтіп, бірнеше ғылыми институтты бір бүтінге біріктіріп, кәсіпорын бүгінгі күні халықаралық ғылыми зерттеу нарығында өзінің өміршеңдігін және бәсекеге қабілетті екенін көрсетіп отыр. Бірлескен күш-жігердің арқасында ондаған бірегей жобалар жүзеге асырылды, тәжірибелік-сараптамалық база кеңейтілді және жаңартылды, ғылыми және иенженерлік-техникалық мамандардың жаңа буыны дайындалды.
Ұлттық ядролық орталықтың өндірістік базалары тек бейбіт мақсатта пайдаланылып жатқанын айтып өткен жөн. Мысалға, термоядролық синтездерді басқару саласындағы қолданбалы және іргелі зерттеулерге арналған қазақстандық КТМ материалтану токамакы салынды. Осы жұмыстардың бәрі, сонымен қатар ғылыми зерттеу нәтижелері Қазақстанды әлемдік қауымдастық алдында танымал етті. Атом энергетикасының қауіпсіздік саласындағы осы жобалар, осы саладағы жетекші елдермен Жапония, АҚШ, Ресей, Франция және тағы да басқа ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылды. Сейсмикалық және инфрадыбыстық мониторингтің қазақстандық жүйесінің инфрақұрылымы қалыптасты және оның үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. Мониторингтің Халықаралық жүйесінде қазақстандық стансалардың жұмысының тиімділігі ЯСЖТСШҰ – Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымдарымен жоғары бағаланды. Қазақстанда атқарылып жатқан жұмыстардың Халықаралық қауымдастықтың жоғары бағалауының арқасында ЯСЖТСШ қолдауда Қазақстан дамушы елдердің арасында бірінші болып ЯСЖТСШҰ әзірленген комиссияның Б тобында төрағалық етуде.
«Біз полигонның барлық аумағына ең үлкен кешенді экологиялық зерттеу жүргіздік, зерттеуді 2021 жылы полигонның жабылуының 30 жылдығына қарай аяқтадық. Бұл көп жағдайда, қазіргі уақытта ҚР Ұлттық ядролық орталығында кешенді экологиялық зерттеулер жүргізуге арналған ең заманауи құрал-жабдықтардың және әдістемелердің шоғарлануы арқасында мүмкін болды. ТМД аумағында, радионуклидті құрамның қоршаған ортаға әсер етуін сапалы, әрі сандық талдау жүргізуге мүмкіндік беретін ең үздік зертханалық-талдау кешені құрылды. Біздің бүгінгі жетістіктеріміз – ертеңгі күніміздің негізі. Біз ұзақ жылдары көп еңбек еттік, қажетті базаны құрдық, тәжірибе қалыптастырдық, бейбіт атом саласындағы халықаралық қызметте өз орнымызды алдық. Бүгінгі таңда серіктестеріміз тарапынан бізге артылған сенім және біздің табысты жобаларымызбен расталған сенім, бұл біздің болашағымыздың кепілі », – деді ҰЯО бас директоры Эрлан Батырбеков.
Бүгін ядролық сынақтарды жүргізу инфрақұрылымы, оны мақсатты пайдалануға мүмкіндік бермейтін жағдайға келтірілді. Дегелең тау массиві аумағында 181 штольни порталдары жабылды. Балапан алаңында пайдаланылмаған 13 ұңғыма және 12 шахталық түсу қондырғылары жойылды. Сол уақытта ядролық сынақ салдарын жою мәселесі өткір тұрды. 7 жыл ішінде үш алаңда бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылды, нәтижесінде ластанған аумақ ішінара қайта қалпына келтірілді, ядролық сынақ қалдықтарына қол жеткізу мүмкін емес болды. 2020 жылы ең ірі жоба – «Опытное поле» алаңын қауіпсіз жағдайға келтіру жүзеге асырылды. Ғалымдар бақылаудың және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең сенімді жүйесін жасады. Полигонның барлық нысандарында сенімді күзетпен қамтамасыз ететін заманауи үшдеңгейлі физикалық қорғаныс жүйесі орнатылды.
«Біз бұрынғы әскери-өнеркәсіптік кешенін түрлендіру бойынша жұмыстарды сәтті жүргіздік. Семей сынақ полигоны жабылғаннан кейінгі 30 жылда сақтау және жаңғыртуға ғана қол жеткізіп қоймай, сонымен қатар бізге КСРО әскери-өнеркәсіптік кешенінен қалған бірегей ғылыми-техникалық базаны біз кеңейттік және осымен бірге түрлі салаларда кең ауқымды жұмыстар орындауда шетелдік тапсырыс берушілермен ұзақ мерзімді ғылыми байланыстар орнады. Осы жылдар ішінде біз, сапаға бағытталған тапсырмаларды орындауда және мақсаттарға табысты жетуде сенімді серіктес ретінде беделге ие болдық. Біз ешбір тапсырыс берушіге бізге күмәндануға жол бермедік», – деді Эрлан Батырбеков.
Атом энергетикасы – бұл адамзаттың жаһандық міндеттерінің өзара байланысты үш мәселесін – энергетикалық қауіпсіздігін, экономикалық өсуін және экологияны шешуге ықпал ететін технологиялардың бірі. Бүгінгі таңда атом энергетикасының баламасы жоқ, қажеттілік тұрғысында қарағанда, көлемнің генерациясына байланысты, көмірсутек көздерімен салыстырмалы түрде арзан, таза энергия есебінен және әлемдік технологиялық прогресске қатысу, атом энергетикасы, ядролық технологиялар саласындағы адамзаттың озық жетістіктерін енгізу тұрғысынан болашақта экономиканың тұрақты өсуімен қамтамасыз етеді, ал ұзақ мерзімді перспективада термоядролық энергетикаға – жоқ. ҚР ҰЯО қызметінің басынан дерлік «Қазақстан Республикасының атом энергетикасын дамыту» ғылыми-техникалық бағдарламасын жүзеге асыруда. Бағдарлама атом саласындағы нысандардың ядролық энергетикасының тиімділігі және қауіпсіздігі, ядролық және радиациялық технологиялар мен материалдар әзірлеу, радиациялық, экологиялық және сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында өзекті, ғылыми-негіздемелік мәліметтер алуға бағытталған. Бағдарлама шеңберінде атомдық ғылым және техника, радиоэкология, геофизика салаларында үлкен көлемді ғылыми нәтижелер алынды. Бұл нәтижелер осы салаларда үнемі ғылымның алдыңғы қатарында болуға және ғылыми-техникалық тұрғыда жоғары дамыған елдердегі серіктестермен тең дәрежеде әрекет етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта ғалымдар жапондық, ресейлік, француздық әріптестерімен бірлесіп, шарт аясында атом энергетикасының қауіпсіздігі саласындағы жобаларды атқаруда. Зерттеу нәтижелерінің табысын және оларға деген сұранысты ескере отырып серіктестер ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі, сонымен қатар осы бағыттар бойынша ҚР ҰЯО бірнеше жылға тапсырыстармен қамтамасыз етілген.
ҚР ҰЯО тәжірибесі мен құзыреттілігі сұранысқа ие тағы бір маңызды бағыттардың бірі – Қазақстанда АЭС құрылысы. Бүгіндері аталған бағыт ширек талқылануда, энергетикалық қауымдастық, қазіргі шынайылықты ескере отырып, электроэнергия саласында еліміздің өсіп келе жатқан қажетіліктерін қамтамасыз етуде атом энергетикасының баламасы жоқ деген ортақ пікірге келді. Еліміз болашақта өз атом электр стансасына ие болуға жақын, әсіресе бұл үшін Қазақстанда барлық жағдай жасалған. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытуды қолдауда түрлі техникалық-экономикалық зерттеулер жүзеге асырылуда және біз оларға белсенді және тікелей қатысамыз.
«Бүгінгі күні біздің құзыреттер Қазақстан Республикасында АЭС құрылысының жоба алды және жобалық құжаттамаларын құруға толық қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біз, атом, ядролық және радиациялық қауіпсіздік салаларында нақтылы жобалар бойынша сараптамалық қызметтерді жүзеге асырамыз. Бұл тәжірибелерімізді жаңа жобаларға таратуға дайынбыз», – деп түйіндеді Эрлан Батырбеков.
Қолда бар тәжірибеге сүйене отырып, ғалымдар бұрынғы сынақ полигонының – «Сарыөзен», «Ақтанберлі», «Дегелең», «Балапан» алаңдарының басқа да сынақ учаскелерін қауіпсіз күйге келтіру үшін бірқатар дәйекті жұмыстарды жалғастыруда. Жекелей алсақ, 2021 жылы, осыдан үш жыл бұрын басталған «Ақтанберлі» алаңында қауіпсіздікті күшейту бойынша жоба аяқталды. Инженерлік барьерлердің қосымша элементтерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді, анықталған нысандарға рұқсат етілмеген кірулер жойылды. Күзетілетін нысандарда үш деңгейлі қауіпсіздік және қашықтықтан мониторинг жүргізу орнатылды және пайдалануға берілді. Сонымен қатар «Балапан» алаңында пайдаланылмаған екі ұңғыманы жою жұмыстарына дайындықтар жүргізілуде, жоба 2023 жылы аяқталады.
Semeynews.kz