ҚоғамРеспубликалық референдумСемейТОП

Республикалық референдум: мәслихат депутатының пікірі

Республикалық референдум туралы Семей қалалық мәслихатының депутаты Еркебұлан Тұрсын пікір білдірді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда бүкіл ел бойынша Конституцияға түзетулер мен толықтырулар бойынша референдум өтетінін мәлімдеді.

Семей қалалық мәслихатының депутаты Еркебұлан Тұрсын:

  • Жалпы өздеріңізге белгілі, биылғы жылы Президентіміз бастамасымен Жарлыққа қол қойылып Конституциялық реформаны жаңғырту туралы арнайы шешім шығарылған болатын. Негізгі бағыты қолданыстағы конституцияны саяси модельді жүйеде трансформациялау. Екіншіден ол билік тармақтары арасында өзара оңтайлы балансын қалыптастыру.

Реформаға сәйкес Конституцияның үштен бір бөлігі толығымен жаңарады. Нақтырақ айтқанда, Ата заңның 33 бабына ауқымды толықтыру енгізілмек.

  • Реформа арқасында мемлекет пен қоғамның арасында тиімді диалог құрылады және қазіргі Конституциядағы 99 баптың 33 бабына толықтырулар мен түзетулер енгізіледі. Конституциялық реформа қоғамның сұраныстары мен ұсыныстарына негізделген Президенттің саяси реформаларын жүзеге асыру болып табылады. Негізгі бағыттары «суперпрезиденттік» басқарудан түбегейлі бас тартып, Президенттік Республикаға айналу, биліктің бірқатар бөліктерін қайта бөлу, Парламенттің мәртебесі мен рөлін жаңғырту, халықты ел басқару ісіне араластыру, одан кейін азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін нығайту. Бірінші «суперпрезиденттік» басқарудан арылу тармағының халық үшін үлкен пайдасы тиеді деген пікірдемін, себебі, Президенттік Республиканы құру арқылы әділетті қоғам құрылады, әділеттік жолында бірқатар заң актілері мен нормативтік құжаттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі. Қазіргі таңдағы реформаларды трансформациялау арқылы халық жеңбесе ұтылмайды, Жаңа Конституциялық өзгерістерден кейін үлкен жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын, – деді Еркебулан Тұрсын.

Semeynews.kz  

Осы айдарда

Back to top button