ШҚОҚоғамҚұқықбұзушылықҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да елік атқан браконьер 1,5 жылға сотталды

Шығыс Қазақстан облысында елік атқан браконьер бір жарым жылға сотталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір аумағында елік атқан ер адамның сот үкімімен бір жарым жылға бас бостандығы шектеліп, пробация есебіне алынды.

– Ол елік атып, мемлекетке 2,5 млн теңгеге жуық материалдық залал келтірді. Осылайша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін алдағы бір жарым жыл бойы пробация бақылауында болады, – деді пробация бастығы Ермек Енсенов.

Жаза өтеу кезінде сотталған тарапынан құқық бұзушылық болған жоқ. Пробация қызметкерлері жазасын өтеушімен үнемі профилактикалық жұмыс жүргізуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button