ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 11 мамырында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының аумағында ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін Өскемен қалалық сотынан жасырынып жүрген 34 жастағы ер адамды қолға түсірді.
“2019 жылғы қаңтар айының ортасында, қаскөй, көліктен құрал-саймандар және монтаж көбігі бар қорапты ұрлап, 180 000 теңге шамасында залал келтіргені анықталды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың сәуір айының соңында ШҚО ПД КПБ қызметкерлері Аягөз ауданының криминалдық полициясымен бірлесіп, 2017 жылдың қыркүйек айында республиканың оңтүстік астанасында скутер ұрлағаны үшін аудандық сотпен 5 жыл іздестіріліп жатқан Аягөз қаласының 30 жастағы тұрғынын құрықтады.
Құқық қорғау органдарының жедел әрекеттерінің нәтижесінде қылмыскерлер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген ведомство хабарламасында.
Semeynews.kz